Жұмыс кестесі – таңғы 10:00-ден 17:00-ге дейін.
Түркістан облысында орналасқан «Halyk bank-тің» 30 бөлімшесінің 24-і толыққанды жұмыс істеп тұр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгінде Түркістан облысында орналасқан банктің 30 бөлімшесінің 24-і толыққанды жұмыс істейді. Жұмыс кестесі – таңғы 10:00-ден 17:00-ге дейін. Жұмыс істеп тұрған бөлімшелердің толық тізімі туралы halykbank.kz сайтында, сонымен қатар бөлімшелердің мекенжайлары бойынша өзекті ақпаратты банктің тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығы, яғни 7111 нөміріне қоңырау шалу арқылы білуге болады.
Айта кетейік, қаржы секторын жедел тұрақтандыру мақсатында «Halyk Bank» банкінің бүкіл Қазақстан бойынша 428 бөлімшесі толыққанды жұмыс істеп тұр. Банк бөлімшелері заңды және жеке тұлғаларға қызметтердің барлық түрлерін ұсынады.