ТҮРКІСТАН: «KazRoboSport - 2022»чемпионатының облыстық кезеңі өтті

0
711

«Балалар жылы» аясында ұйымдастырылған.


ТҮРКІСТАН: «KazRoboSport - 2022»чемпионатының облыстық кезеңі өтті

Түркістан облысында «KazRoboSport - 2022» чемпионатының облыстық кезеңі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2022 жыл - «Балалар жылы» аясында "КазРоботикс" федерациясы Республикалық қоғамдық бірлестігінің және Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастырумен "КазРобоСпорт-2022" чемпионатының облыстық кезеңі Төлеби ауданындағы "Балдаурен" сауықтыру орталығында өтті. Мақсат - Қазақстанда балалар мен жасөспірімдер арасында білім беру және спорттық робототехниканы дамыту.


Байқау ережесіне сәйкес, «Мини сумо», «Биатлон» және «Кегельринг" категориялары бойынша өткізілді. Іріктеу кезеңіне облыстан 10-18 жас аралығындағы 60 оқушы қатысты (командалар саны 30, әр командада 2 оқушыдан). Жеңімпаз командалар "КазРоботикс" Федерациясы Республикалық қоғамдық бірлестігінің атынан дипломдармен марапатталды.


Атап айтсақ, 10-14 жас аралығындағы "Биатлон" категориясы бойынша І орын Мақтаарал ауданы, №5 "Мақтаарал" мектеп-гимназиясының оқушылары Давронов Жонибек Эркинұлы мен Нахипбек Азамат Полатұлына, ІІ орын Мақтаарал ауданы №5 "Мақтаарал" мектеп-гимназиясының оқушылары Шакуров Рустам Русланұлы мен Давронов Сангин Тожибайұлына, ал ІІІ орын Мақтаарал ауданы №5 "Мақтаарал" мектеп-гимназиясының оқушылары Эртай Оралбек пен Құралбаева Әлихан және Кентау қаласы №15 Төрткүл - Төбе жалпы орта мектебінің оқушылары Жолдас Берік пен Айдарбек Расулға бұйырды.


"Биатлон" категориясы бойынша 15-18 жас аралығында І орын Мақтаарал ауданы №5 "Мақтаарал" мектеп-гимназиясының оқушылары Жарықбасова Айгерім мен Бердалықызы Томириске бұйырса, ІІ орын Мақтаарал ауданы №5 "Мақтаарал" мектеп-гимназиясының оқушылары Базарбек Омар мен Әзімхан Ақжан және Кентау қаласы №15 Төрткүл - Төбе жалпы орта мектеп оқушылары Асадуллаева Сардар мен Хильватов Бехрузға, сондай-ақ ІІІ орынды Түркістан қаласы, Н.Оңдасынов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары Абусаттаров Бағдәулет, Аман Рахат, Нурмат Еркебұлан, Қыдырбай Ерсұлтан және Төлеби ауданының мамандандырылған мектеп интернатының оқушылары Кенжебек Сұлтан мен Аманхан Әлихан иеленді.


Одан бөлек, «Мини сумо» категориясы бойынша 15-18 жас аралығында №12 М.Тасова мамандандырылған мектеп - интернатының оқушылары Қалторе Дидар мен Кенжебек Жомарт бірінші, Н.Оңдасынов атындағы мамандандырылған мектеп-интернатының оқушылары Пернебай Диана мен Баймағанбет Аружан екінші, Кентау қаласы М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары Қуаныш Назым мен Уазір Ернар үшінші орынға лайық деп танылды.


"Кегельринг-квадро" категориясы бойынша 15-18 жас аралығында I орын Сайрам ауданы №61 С.Базарбаев атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары Таймуратов Нематжан мен Захарченко Никитаға, ІІ орын Сауран ауданы Бабайқорған жалпы орта мектебінің оқушылары Ермахан Айдын мен Балтабай Расулға, ІІІ орын Мақтаарал ауданы В.Комаров жалпы орта мектебінің оқушылары Юсупова Диана мен Баяз Айбергенге бұйырды.


Атап өту қажет,І орынды иеленген оқушыларға 2022 жылғы қазан айында Нұр-Сұлтан қаласында өткізілетін республикалық чемпионатқа қатысуға жолдама берілді.

Бөлісу