ТҮРКІСТАН: Келес ауданында 510 мың тонна ауылшаруашылығы өнімі өндірілді

0
642

52 320 тонна қыстық мал азығын жинаған.


ТҮРКІСТАН: Келес ауданында 510 мың тонна ауылшаруашылығы өнімі өндірілді

Былтыр Келес ауданында 510 мың тонна ауылшаруашылығы өнімі өндірілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


2022 жылы Келес ауданында ауылшаруашылығы саласында айтарлықтай нәтиже бар. Олай дейтініміз егістік көлемі - 26 314 гектарды құраған. Оның ішінде астық, дәнді және бұршақ дақылдары – 8 397 га, майлы дақыл – 53 га, техникалық дақыл – 440 га, көпжылдық мал азықтық дақыл – 4 358 га егілді. Ал көкөніс, картоп, бақша дақылдары бойынша егістік - 11 981 га құрады.


«Ауыл шаруашылығы саласын іргелілетуде тың технологиялар мен техникалардың рөлі маңызды. Шаруалардың да еңбегі орасан екенін атап өткен жөн. Былтыр 71 дана жаңа техника шаруалар тарапынан сатып алынса, 10-нан аса жаңбырлатып суару технологиясы енгізілді», - дейді Келес аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Өмірсерік Алтынбаев.


Атап өтерлік, келестік шаруалар науқан барысында 20 676 тонна астық дақылдары, 5 730 тонна техникалық және майлы дақылдар, 431 953 тонна көкөніспен картоп және бақша дақылдары, 52 320 тонна қыстық мал азығын жинаған.