ТҮРКІСТАН: Кентауда инвестициялық жобалар жүзеге асырылады

0
74

2025 жылдың сәуір айында іске асырылады деп күтілуде.


ТҮРКІСТАН: Кентауда инвестициялық жобалар жүзеге асырылады

Кентауда өндіріс орындары ашылып, инвестициялық мүмкіндіктері ұлғаюда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Биыл қаладағы индустриалды аймақ пен арнайы экономикалық аймақта 4 жоба ашу жоспарланған. Соның ішінде, арнайы экономикалық аймағынан екі жоба іске асырылады деп күтілуде. Олардың бірі – «Кентау Red Star» ЖШС. Жалпы құны 1,5 млрд. теңге болатын жобаның қуаттылығы – жылына 40 млн. дана кірпіш шығару. 80 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Аталған жоба 2025 жылдың сәуір айында іске асырылады деп күтілуде.


«Turan Shenhua» ЖШС-нің газ қазандықтары және тұрмыстық техникалар өндірісі де маңызды. Жалпы құны – 2,4 млрд. теңге. Аталған жоба биыл қараша айында іске қосылады. Мұнда 200 адамды жұмыспен қамту көзделген.


Ал индустриалды аймақтан «АйдарСтройГрупп» ЖШС өнеркәсіпке арналған металл құрылымдарын, металл бұйымдарын өндіру жобасын іске асырмақ. Жоба құны – 2,5 млрд. теңге. Іске қосылу кезінде 150 адам жұмыспен қамтылады.


Одан бөлек, «Сапар Құрылыс-С» ЖК металл өндіріс цехын ашады. Жоба құны – 400 млн. теңге. Жалпы 100 адамды жұмыспен қамту жоспарланған.

Бөлісу