​ТҮРКІСТАН: Коронавирус жұқтырған 3 науқастың жағдайы белгілі болды

0
774

Диагноз науқастарды зерттеу барысында нақтыланды.


​ТҮРКІСТАН: Коронавирус жұқтырған 3 науқастың жағдайы белгілі болды

Түркістан облысында тағы үш адамнан коронавирус анықталды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласының 1996 ж.екі азаматы және 1945 ж.туған бір тұрғыны COVID-19 инфекциясын жұқтырған. Диагноз науқастарды зерттеу барысында нақтыланды.

Аталған азаматтармен жақын байланыста болғандар анықталып, медициналық бақылауға алынуда.
Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем алуда.
Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі таңда Түркістан облысында вирус жұқтырғандар саны - 123. Оның ішінде, Жетісай -21, Ордабасы-11, Кентау қаласы -10, Сайрам ауданы-3, Мақтаарал-7, Арыс қаласы -17, Туркістан қаласы-18, Байдібек-3, Сарыағаш -18, Қазығұрт – 8, Созақ – 5, Түлкібас -1, Төлеби ауданы -1.