Алматы қаласынан келген 1 азаматта COVID-19 сараптамасы оң қорытынды берді.
Биылғы жылдың 31 наурызындағы эпидемиологиялық жағдай бойынша Түркістан облысы аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған бес адам бар, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
31 наурыз күні 1-пациенттің коронавирус індетін жұқтырғаны тіркелді. Нұр-Сұлтан қашласынан келген бұл науқаспен байланыста болған адамдарды тексеру барысында, тағы 3 отбасы мүшесінің сараптамасы оң нәтиже берді. Сонымен қатар, Алматы қаласынан келген 1 азаматта COVID-19 сараптамасы оң қорытынды берді.
Қазіргі таңданауқастар дәрігер бақылауына алынып, жағдайы қанағаттанарлық дәрежеде. Қарым-қатынаста болған барлық адамға стационарлық оқшаулау шаралары жүргізілді. Тиісті хаттамаға сәйкес, емдік шаралар жасалынуда.
Cонымен қатар, 31 наурыз күні дезинфекциялық қызмет науқас тұрған үй-жайларды дезинфекциялау және санитарлық өңдеу шараларын өткізді.
Айта кетейік, 31 наурызда коронавирус инфекциясын жұқтырған науқас Жетісай аудандық орталық ауруханасында ем алуда.
Науқаспен жақын қарым-қатынаста болған анықталып жатыр.
Дереккөз: Түркістан облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз қызметі