Қаулыда инфекцияның алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту талаптары қойылған.
Мақтааралда "Сovid-19" инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында мәжіліс өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкімі аппаратының кіші мәжіліс залында аудан әкімі Бақыт Асановтың төрағалығымен "COVID-19" инфекциясының таралуын болдырмау мақсатында арнайы мәжіліс өтті.
"Атамекен" кеден бекетінің бастығы, Аудандық полиция бөлімінің бастығы, Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы, Шекара басқармасының бастығы, ТМҚСББ (СЭС) басшысы, Мырзакент, Атакент ауруханаларының бас дәрігерлері, ЖКХ, Білім, Ішкі саясат, Кәсіпкерлік бөлімдері, "Атамекен" кәсіпкерлік палатасының директоры, Мырзакент пен Атакент кенттеріннің әкімдері қатысқан жиында Түркістан облысының бас санитары Н.Нышановтың05.10.2020 жылғы №38 қаулысын орындау-ұйымдастыру мәселелері қаралды.
Жалпы №38 қаулыда Түркістан облысының Өзбекстан Республикасымен шекаралас аумағындағы өткізу пункттерінде коронавирустық инфекцияның алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту талаптары қойылған.
Оның ішінде Өзбекстанға кіретін қақпа саналатын Сарыағаш, Келес және Мақтаарал аудандарындағы шекаралық өткізу бекеттерінде санитарлық-карантиндік бақылау жүргізу, бекеттерде жұмыс жасайтын мамандарды антисептикалық құралдармен қамтамасыз ету, тасымалдаушылар мен жолаушыларға дауыс зорайтқыштар және көрнекілік құралдар арқылы сақтық шаралары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу сияқты т.б. мәселелер айтылған.