ТҮРКІСТАН: Мақтааралда жазғы сауықтыру лагерлері өз жұмысын бастады

0
3 093

Оқу жылы аяқталып, балалардың жазғы демалыстары басталысымен ол күндерді қалай өткізу мәселелері аға буынның басты назарында. Демалыс екен деп сабақтан да мүлдем қол үзуге тағы болмайды. Ол үшін не істеу керек? Мақтарал ауданы әкімдігі мен аудандық білім бөлімі бұл мәселенің түйінін тиімді тарқатып отыр.


ТҮРКІСТАН: Мақтааралда жазғы сауықтыру лагерлері өз жұмысын бастады

Биылғы жазғы демалыста Мақтаарал мектептерінің 2100-ге тарта бүлдіршіні қала сыртындағы лагерлерде демалатын болады деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Оқу жылы аяқталып, жазғы демалыс күндері басталған сәттен-ақ оқушылардың бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында атқарылатын оңды істердің бірі – қала сыртында балалардың сауықтыру лагерлерін іске қосу мәселесі Мақтаарал ауданында оң шешімін тапқан.

Бұл мақсатта аудан әкімінің бастамасымен ашылған 350 орындық «Толағай» және «Еркежан» балалар сауықтыру лагерлері биылғы жазғы маусымда тұл жетім, жартылай жетім және көпбалалы отбасылары мен аз қамтамасыз етілген отбасылардан 2100 бүлдіршінді қабылдауды жоспарлап отыр.
Лагерде демалыс екен деп сабақтан мүлдем қол үзбеулері үшін арнайы пәндік дәрістер мен танымдық сабақтар өткізіліп, спорттық сайыстар жиі ұйымдастырылып отырады. 8 маусымнан тұратын сауықтыру кезеңінде оқушылардың қатысуымен мәдени іс-шаралар да өткізіліп, бүлдіршіндер топтық және жекелеген сайыс түрлері бойынша өзара бақ сынасуда. Сондай-ақ, мұнда оқушылар 5 мезгіл ыстық тамақпен және таза төсек орындармен толық қамтылған. Денсаулықтарын жіті бақылауға алған дәрігерлер. Бұған дейін көрші аудандарда ғана сауықтыру лагерлеріне бара алатын оқушылар демалыс күндерін енді өз ауданымызда да қызықты өткізе алатын болады.