ТҮРКІСТАН: Мақталы өңірде балық шаруашылығын дамытуға күш салынып жатыр

0
428

«Ауыл аманаты» жобасы аясында 2,5 пайыздық несие алып, қолға алған кәсібіне жан-жақты дамытуға мүмкіндік бар.


ТҮРКІСТАН: Мақталы өңірде балық шаруашылығын дамытуға күш салынып жатыр

Мақталы өңірде балық шаруашылығын дамытуға күш салынуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Бүгінде жасанды тоғандар мен су нысандарында балық өсіру бойынша елімізде Түркістан облысы көш бастап тұрса, соңғы жылдары Жетісай ауданында тауарлы балық шаруашылығымен айналысуға деген қызығушылық артып келеді. Соның бірі – Атамекен ауылдық округінің тұрғыны Өмірзақ Маханов.


Бұған дейін мал шаруашылығымен, диқаншылықпен айналысып келген Өмірзақ Әскерұлы жеке қаржысы есебінен 10 млн. теңгеге жуық инвестиция салып, балықтың дөңмаңдай (толстолоб) мен амур, сазан сынды түрлерінің 500 мың дана шабағын Шардара ауданынан алып келген. Бүгінде аумағы 10 сотық, тереңдігі 2 метрді құрайтын тоғанда өсіріліп жатқан балықтардың орташа салмағы 1 келіге жетеді.


Аудан әкімі Серік Мамытов жеке кәсіпкердің балық шаруашылығымен танысып, «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2,5 пайыздық несие алып, қолға алған кәсібіне жан-жақты дамытуға мүмкіндігі бар екенін айтты.


Мемлекеттік бағдарламалар аясында жасалып жатқан қолдаулардың тиімділігі мен артықшылықтары жайындағы сұрақтарына толық жауап алған жеке кәсіпкер алдағы уақытта балық асырау бассейндерінің аумағын 50 сотыққа дейін жеткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді.