ТҮРКІСТАН: Медицина қызметкерлеріне мерекелік сыйақы берілді

0
1 057

Ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрмет көрсеткен.


ТҮРКІСТАН: Медицина қызметкерлеріне мерекелік сыйақы берілді

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Бәйдібек ауданының дәрігерлері мерекелік сыйақымен марапатталды, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан облысы Бәйдібек ауданында медицина қызметкерлері күні мерекесіне орай аудандық орталық аурухананың бас дәрігерінің бұйрығымен алғашқы медициналық санитарлық көмекті ұйымдастыруда жоғарғы нәтижелі жұмыстары үшін дәрігерлерді ынталандыру мақсатында сыйақы үлестірілген. Үнемделген қаражат есебінен бөлінген марапат 104 медицина қызметкеріне ақшалай берілді.

Адам өмірін ұзартуға септігін тигізіп, ажалдан арашалаушы дәрігер мамандығын халқымыз ежелден қастерлеп, құрмет көрсеткен. Бүгінгі таңда қазақстандықтардың денсаулығын жақсарту – еліміздің мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарының бірі. Елімізде денсаулық сақтау саласын дамыту, тұрғындарға заман талабына сай, қолжетімді және сапалы медициналық қызмет көрсету жолында бар мүмкіндіктер жасалып жатыр.

«Өз кезегінде денсаулық сақтау саласының мамандары да азаматтарға сауатты, сапалы қызмет көрсетіп, қиналғанда көмек сұрап, ауырғанда шипа іздеп алдына барған кез келген науқасқа қолдау көрсететін, өмірлеріне қауіп төнген сәтте араша түсіп, тіпті кейде екінші рет өмір сыйлап келе жатыр. Сондықтан, медицина қызметкерлері қандай да болсын құрмет көрсетуге лайықты», - делінген Бәйдібек ауданыны баспасөз қызметінің хабарламасында.