Түркістан облысының әкімі орынбасары қызметіне Қосман Айтмұхаметов тағайындалды.
ERNUR.KZ. Түркістанның төрінде Асқар Маминнің қатысуымен өтіп жатқан алқалы жиында Жансейіт Қансейітұлының бірінші орынбасары таныстырылды. Бұл қызметке Қосман Айтмұхаметов келді, деп жазады aigak.kz.
Анықтама:
Қосман Қайыртайұлы 1963 жылы 29 тамызда Целиноград облысында дүниеге келген. 1986 жылы инженер-механик мамандығы бойынша Целиноград инженер-құрылыс институтын, 2006 жылы заңтану бакалавры мамандығы бойынша Қазақ мемлекеттік заң академиясын тәмамдаған.
Еңбек жолын 1983 жылы Ақмола облысының «Изобильный» кеңшарында жұмысшы болып бастады. 1980-1986 жылдары инженер-құрылыс институтының студенті, 1986 жылы Қорғалжында АПТУ-21-дің оқытушысы болып жұмыс істеді. 1986-1987 жылдары Ақмола облысы, Бестөбе руднигі, Бестөбе АКП жабдықтау жөніндегі инженері; 1987 жылдан бастап – Целиноград жүк автобасқармасының материалдық-техникалық қамтамасыз ету бөлімінің техикалық қадағалаушысы, инженері; 1991 жылдан бастап – «АПС» МЧП директоры; 1994 жылдан бастап – байланыс автобазасының директоры; 2001 жылдан бастап — «Горкоммунхоз» МКК басқармасы директорының орынбасары, одан кейін директоры; 2006 жылы «Астана Горкоммунхоз» АҚ басқармасының төрағасы; «Кредит Құрылыс НС» ЖШС директорының орынбасары. 2008 жылы «Астана Горкоммунхоз» басқармасының төрағасы; 2009 жылы Ақмола облысы әкімінің орынбасары; 2013-2014 жылдары – Ақмола облысының әкімі; 2014 жылдың маусымынан бастапҚР ӨДМ вице-министрі. 2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы лауазымын атқарған.