Түркістан облысы мал шаруашылығы бойынша көш бастап тұр

0
2 089

Экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 75%, қой етінің 40% облыстың үлесінде.


Түркістан облысы мал шаруашылығы бойынша көш бастап тұр

Түркістан облысы мал шаруашылығын дамыту бойынша алдыңғы орында, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Мал шаруашылығының дамуы бойынша Түркістан облысы республикада алдыңғы орында. Елімізде экспортқа шығарылатын ірі қара мал етінің 75%, қой етінің 40% облыстың үлесінде. 30700 тонна ірі қара мал еті, 3200 тонна қой еті экспортқа жіберілді. Өткен жылдың ішінде 4 млн. тонна мал азығы жиналып, жоспар артығымен орындалды.


Түркістан облысында өткен жылы 906,5 млрд. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, өсім 101,7%-ды құрады. Егіс көлемі 845500 гектарға орналастырылып, жоспар 2100 гектарға артығымен орындалды. Егістікті әртараптандырудың нәтижесінде көкөніс, бақша, картоп өнімдерінің түсімділігі орташа 50 центнерге көбейіп, өнім 2020 жылмен салыстырғанда 429 000 тоннаға артып, рекордтық көрсеткіш 3,3 млн. тонна өнім жиналды. Жаңадан 122 гектарға жылыжайлар салынып, жалпы көлемі 1,5 мың гектарға жуықтады (республикада үлесі 71%). Жылыжайлар көлемі қосымша 122 гектарға ұлғайтылып, жалпы 1590 гектарды құрайды.


Халықты жергілікті өніммен қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылы құны 55,3 млрд. теңгеге 42 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Сонымен қатар биыл ылғал үнемдеу технологиялары ендірілген алқап 4 000 гектарға жеткізіледі. 1 262 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы алынып, 5%-ға жаңартылады. Алдағы 5 жылда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін 1,3 трлн. теңгеге жеткізу жоспарланып отыр.