Түркістан облысы халық саны бойынша екінші орынды иеленді.
Түркістан облысы – ERNUR.KZ. 2018 жылдың 1 маусымындағы есеп бойынша Түркістан облысы халқының саны - 1 955 219 адамды құрап отыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ Аlashaqparat.kz .
Осы көрсеткіш бойынша қалалық жерде – 380 929 адам (19,5 пайыз), ауылдық жерде – 1 574 290 адам (80,5 пайыз). Бұл жөнінде Түркістан облысы Статистика департаментінің басшысы Айдар Әбілдабеков мәлімдеді. Оның айтуынша, Түркістан облысы республикада туу мен табиғи өсім бойынша 1 орында, ал халық санынан екінші орынды иемденген.
«Облыста 2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында халықтың табиғи өсімі 17 448 адамды құрап, өткен жылдың тиесілі кезеңмен салыстырғанда 2,8 пайызға артқан. Ал облыс туу бойынша республика деңгейінде көш бастап келеді. 2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында 1000 қыз балаға 1074 ұл бала туылды. Осы кезең аралығында облыс бойынша өлгендер саны – 4 276 адамды құрап, алдыңғы жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,1 пайызға кеміді», - деді Айдар Әбілдабеков.
Бұдан бөлек, 2018 жылғы қаңтар-мамырда көші-қонмен облысқа келген халықтың саны — 38 689 адамды құрап, облыстан кеткендердің саны — 77 524 адамға жеткен. Оның ішінде 8 605 адам – Қазақстанның басқа облыстарына, 60 адам – ынтымақтастық елдеріне, 6 адам – алыс шет елдеріне кеткен.