Түркістан облысы туберкулездің алдын алу бойынша көш бастап келеді

0
2 258

Ем алып жүрген науқастардың барылығына емге ынталандыру мақсатында әлеуметтік көмек ретінде 668 науқастың жеке есеп-щотына 12 000 – 24 000 теңге аралығында ақша аударылып отырады.


Түркістан облысы туберкулездің алдын алу бойынша көш бастап келеді

«Дүние жүзілік туберкулезге қарсы күрес» күніне орай Түркістан облыстық туберкулезге қарсы күрес диспансерінде ақпараттық күні ұйымдастырылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Өткен жылдың қорытындысына жүгінсек, өкпе-құрт ауруымен күрес, алдын алу және басқа да көрсеткіштер бойынша жақсы нәтижеге қол жеткізген Түркістан облысы көштің алдын бастап келеді.


Жалпы Түркістан облысында туберкулезден эпидемиологиялық жағдай тұрақталып, төмендеуге бағыт алып отыр. 2018 жылдың қорытындысы бойынша халық арасында туберкулездің таралуы 25,8%, балалар арасындағы аурушаңдық 25,4%, өлім көрсеткіші 27,8% төмендесе, туберкулездің қайталану жағдайлары 192-і жағдайдан 157-ге жетіп отыр.

2018 жылы халықты жаппай туберкулезге флюрографиялық әдіспен тексеру бойынша 811641 тұлғадан 844296-ға жетіп, оң нәтижеге қол жеткізген. Бұдан бөлек жаңа туған нәрестелердің 99%-на туберкулезге қарсы БЦЖ вакинасын егумен қамтылған. Сондай-ақ 0-14 жас аралығында туберкулезді ерте анықтау мақсатында туберкулиндиагностикасымен қамтылса, мектептерде туберкулезбен ауырып қалу қауіпі жоғары балалар ыстық тамақпен қамтылып отыр.

Ал, амбулаторлық кезеңмен ем алып жүрген науқастардың барылығына емге ынталандыру мақсатында әлеуметтік көмек ретінде 668 науқастың жеке есеп-щотына 12 000 – 24 000 теңге аралығында ақша аударылып отырады. Әлеуметтік көмекті алғандар 2016 жылы – 43 адамға, 2017 жылы – 25 адамға, 2018 жылы – 16 адамға азайған.

"Елімізде туберкулезді анықтау мен оның алдын алу, емдеу, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету кепілдендірілген медициналық көмек пакетіне кіреді. Былайша айтқанда, ауру тегін емделеді. Биыл осы дертке шалдыққандарды анықтау, емдеу мен әлеуметтік қолдауға Түркістан облысы бойынша мемлекеттік бюджеттен 5 млрд теңге бөлінді. Бөлінген қаражат мамандырылған медициналық көмекке, қалпына келтіру емі мен медициналық оңалтуға, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге жұмсалады", - деді МСҚ облыстық филиалының бас сарапшысы Лаура Сапарбекова.

Еске сала кетерлігі, бүгінгі таңда кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде тек мемлекеттік емханаларда ғана емес, жеке меншік клиникаларда да тегін емделуге болады. Қордың базасындағы клиникалар тізімімен (https://fms.kz/ru/content/perechen-postavshchikov-gobmp) танысуға болады. Кез-келген адам қалаған емханаға тіркеліп, дәрігерге уақтылы қаралуға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, мұның бәрін үйден шықпай-ақ онлайн режимінде іске асыруға болады. Ол үшін цифрлы қолтаңба алып, мемлекеттік қызметтер egov.kz порталының көмегіне жүгінген жөн.