Қазығұрттық үшем бүгін перзентханадан шығарылды.
Түркістан облысы Қазығұрт ауданының тұрғыны Әбдалиева Жадыра Заманқызы үшемнің анасы атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Қаңтардың 23-ші жұлдызында Түркістан облыстық нөмірі бірінші перинатальды орталықта дәрігерлердің көмегімен жас ана кесар тілігі арқылы туған. Үшеуі де ұл бала. Жарық дүние есігін ашқан үшемнің салмағы 1700-2100 грамм болса, бойларының ұзындығы шамамен 40-48 см болған. Бүгінде нәрестелердің хал жағдайын дәрігерлер жақсы дейді. Қазығұрттық үшем бүгін перзентханадан шығарылды.
Айта кетейік, үшем ұл ата-анасының тұңғыштары екен. Анасы Жадыра Әбдалиева үй шаруасындағы, әкесі коммуналдық шаруашылық қызметінде жұмыс істейді екен. Үшемнің есімдері Аян, Саян және Аман.