Түркістан облысында жаңа су үнемдеу технологиялары енгізілуде

0
551

3 мың м2 метр аумаққа орналастырылды. Бұл


Түркістан облысында жаңа су үнемдеу технологиялары енгізілуде

Түркістан облысына жұмыс сапары кезінде вице-премьер Серік Жұманғарин Сауран ауданының Шаға ауылдық округіндегі өнеркәсіптік парк аймағына барды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізгі мақсаты халықтың сапалы өмір сүруін қамтамасыз теу. Бұл мақсат аясында елдің кәсібіне қолдау көрсету жұмыстары да атқарыуда. Соның ішіндегі ауылшаруашылығы саласындағы тамшылатып суару және элиталық сорттардың тұқымын себу негізінде мақта-тоқыма кластерін құру мақта өсіруге арналған аумақты қысқартуға және қазіргі заманғы стандарттардағы тоқыма өндірісі үшін жоғары сапалы шикізат жинауды бірнеше есе арттыруға мүмкіндік береді.


20 мамырда Түркістан облысына жұмыс сапары кезінде вице-премьер Серік Жұманғарин Сауран ауданының Шаға ауылдық округіндегі өнеркәсіптік парк аймағына барды. Мұнда қазақстандық «BNK Group» БНК компаниясы америкалық «Nelson Irrigation» компаниясымен бірлесіп, 2023 жылы «BNK IRRIGATION» сауда белгісімен айналмалы және фронтальды әрекет ететін жаңбырлатқыш машиналар өндірісін іске қосты. Өндірістік техника 3 мың м2 метр аумаққа орналастырылды. Бұл су үнемдеу технологияларын кеңінен қолдану үшін су шашыратқыш машиналардың толық циклін өндіруді жолға қоюға мүмкіндік беретін ірі жоба.


«Қазақстанға өз өндірісіндегі жаңбырлатқыш машиналар қажет екені сөзсіз. Біз отандық өндірушіге басқа өңірлерде су үнемдеу технологияларын енгізу үшін техника сатып алу бөлігінде қолдау көрсетеміз. ҚҚС төлеуге келетін болсақ, ауыл шаруашылығы министрлігіне Астанаға оралғаннан кейін бұл мәселені тезірек шешу үшін барлық мүдделі мемлекеттік органдармен кеңес өткізуді тапсырамын», — деп жауап берді кәсіпорын директорына Серік Жұманғарин.