​ТҮРКІСТАН: Оқушылар арасындағы әлімжеттік қатаң бақылауға алынды

0
4 069


​ТҮРКІСТАН: Оқушылар арасындағы әлімжеттік қатаң бақылауға алынды

Түркістан қаласында әлеуметтік желі арқылы тараған жасөспірімдер арасындағы кикілжің бойынша қалалық білім бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбекова арнайы брифинг өткізді, деп хабарлайды өңірдегі ERNUR.KZ тілшісі.

Түркістан қалалық білім бөлімінің басшысы Ақмарал Батырбекованың мәлімдеуінше, бұл іске қатысты мектеп оқушыларының арасындағы төбелес қатысушылары толық анықталып, тергеу жұмыстары жүргізілуде. Нақтырақ айтсақ, 9-сынып оқитын оқушылардың арасындағы жағдай сабақтан тыс уақытта, яғни, 18 қаңтар күні кешкі сағат 18.00 шамасында болған. «Бекзат» мөлтек ауданында орын алған жайтке байланысты нақты дерек айтуға әлі ерте.

БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен жиынға осы іске қатысы бар оқушылар білім алатын мектептердің директорлары, Жұмабек Еділбаев атындағы 18 мектеп-гимназиясының директоры Дәулет Құдайбергенов, Абай атындағы 31 жалпы орта мектебінің директоры Шынар Тілеубергенова, Жамбыл Жабаев атындағы жалпы орта мектебінің директоры Рысбай Арысов қатысып отырды. Ал, Дәулет Құдайбергенов мектеп оқушыларының арасында бұрын соңды ешқандай алауыздық болмаған, дегенмен мектептен тыс жағдай болса да мекеп басшылығымен қоса ата-аналардың жауапкершілігі, бала тәрбиесін қадағалаудағы орны мен рөлі маңызға ие екендігін баса айтты.

Түркістан қалалық ардагелер ұйымының төрағасы Жарқынбек Құлбайымбетов Түркістан қаласы үшін сын болған оқиғаны алдағы уақытта болдырмау үшін оқушылармен, жастармен жұмысты барынша күшейту керектігіне тоқталды.

Облыстық ішкі істер департаменті тергеу бөлімінің бастығы Болат Елмұрзаев оқиға бойынша тергеу амалдары заң бойынша қаралып жатқандығын айтты.


Айта кетейік, мұның алдында әлеуметтік желіде жасөспірімдер арасындағы әлімжеттіктің көрінісі тапқан бейнежазба тарап және ондағы балалардың анықталғанын жазған болатынбыз.