ТҮРКІСТАН: Өңірдегі малға қажетті жем-шөпті толық дайындауға мүмкіндік бар

0
354

Жем-шөптің 80 пайызы жиналған.


ТҮРКІСТАН: Өңірдегі малға қажетті жем-шөпті толық дайындауға мүмкіндік бар

Түркістан облысындағы 3,2 млн. тн мал азығы жиналды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, биылғы жылы облыстағы мал басына қажетті 4 млн.тн жуық мал азығын 100 % дайындауға толық мүмкіндіктер бар. Оның ішінде 2,7 млн. тн жоңышқа, 134,6 мың тн сүрлем, 70,6 мың тн пішендеме және 945,0 мың тн табиғи шөп жиналады. Бүгінгі күнге 3,2 млн. тн мал азығы жиналды (81 %).


Сондай-ақ, Түркістан облысы әкімі Ө.Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, облыстың агроқұрылымдарына орман қоры жерінен жайылымдық және шабындық жерлер ұсынылып, ағымдағы жылдың 6 айында 545 агроқұрылымға 562,9 мың га жайылым жер, шөп шабуға 23 агроқұрылымға 1,5 мың га шабындық жер берілді.

Айтп кетейік, Түркістан облысынан қуаңшылықтан зардап шеккен Маңғыстау облысына «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ- ның қолдауымен 95 вагон (3 мың тонна) шөп жөнелтілді.