ТҮРКІСТАН: Праймериз пікірсайысы екінші күн қатарынан өтіп жатыр

0
667

Дода апта соңына дейін жалғасады.


ТҮРКІСТАН: Праймериз пікірсайысы екінші күн қатарынан өтіп жатыр

Түркістандық депутаттыққа үміткерлердің пікірсайысы қыза түсті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістан қаласында Праймериз үміткерлері арасындағы Пікірсайыс ашық аспан астындағы "Амфитеатрда" қайта жалғасты. Партияішілік сайлауда бүгінгі күнгі 11 үміткер қатысып, алдымен жеребе арқылы шыққан сан бойынша өздерін және бағдарламаларын таныстырып, одан әрі бір-бірімен сұрақ-жауап арқылы пікірталасқа түсті.

Үміткерлер арасында жастар, орта буын және егде жастағы азаматтар да бар. Соның ішінде "Сұрақ-жауап" кезеңі бойынша сұрақ қоюшыға 30 секунд, ал жауап берушіге 3 минут уақыт берілген. Жалпы, талап бойынша сұрақты үміткерлермен қатар модератор және келген көрермендердің қоюына мүмкіндік бар.

Атап айтсақ, жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жастардың ынтасы мен белсенділігін арттыру, жұмыссыздықтың алдын алу және білім мәселесі бойынша сұрақтар қойылды. Сондай-ақ, көрермендер арасынан ұсынылған бағдарламалар аясында "Нақты қандай қадамдар жасайсыз?", "Бағдарламаңыздың орындалуына қаншалықты кепілдік бере аласыз?" деген тәрізді тосыннан сауалдар да қойылды. Оған үміткерлер өз кезегінде тұщымды жауаптарын айтты.

Айта кетейік, пікірсайыстар партияның Түркістан қалалық филиалының Youtube каналдан (https://www.youtube.com/playlist?list=PLt1W4ic7PlQzzrWJwuRxePZ0XcHg_pdGi) тікелей эфирде көрсетіліп жатыр. Жалпы, Праймериздегі 106 адамның мәжіліске - 7, облыстық мәслихатқа - 29 және қалалық мәслихатқа 70 адам үмітті. Дода апта соңына дейін жалғасын табады.