ТҮРКІСТАН: Сайрамда теміржол үстіндегі көпір жөнделеді

0
269

Әйтеке би ауылына өтетін аумақта айналмалы жол салу жоспарлануда.


ТҮРКІСТАН: Сайрамда теміржол үстіндегі көпір жөнделеді

Сайрам ауданындағы 27 шақырым көпірді кеңейтуге жабалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысындағы автомобиль жолдары саласында жаңа жобалар қолға алынбақ. Бүгінгі таңда Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен Сайрам ауданының орталығы – Ақсукент елді мекенінен Қарабұлақ бағытына қарай облыстық маңызы бар КХ-3 «Ақсукент – Шаян – Мыңбұлақ» автомобиль жолының 27 шақырым көпірді кеңейтуге жабалау-сметалық құжаттамасы әзірленуде. Кеңейту жұмыстарынан кейін көпірдегі көлік қозғалысы екі жолақтан төрт жолаққа ауыстырылады. Бұдан бөлек, Әйтеке би ауылына өтетін аумақта айналмалы жол салу жоспарлануда.


Нәтижесінде, аталған жолдағы көлік кептелісі азайып, жолаушыларға оң әсер етпек. Жобаның құрылысын іске асыру 2025 жылға жоспарлануда.


Айта кетейік, биыл құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 244 нысан немесе 1100,3 шақырымды құрайтын жолдар мен көшелер қамтылды. Жыл қорытындысымен 546,6 шақырымды құрайтын 149 нысанды пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Бөлісу