ТҮРКІСТАН: Сапалы тыңайтқыш арқылы өнімді көбейту қолға алынды

0
378

Бұл тәжірибе мақтаның түсімділігін 40-60 центнерге жеткізуге болатындығын көрсетіп отыр.


ТҮРКІСТАН: Сапалы тыңайтқыш арқылы өнімді көбейту қолға алынды

Түркістан облысында өнімділікті арттыру мақсатында Өзбекстан Республикасының «RASAYANA» ЖШС-мен жұмыстар жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Мақтаарал, Жетісай аудандарына жасаған жұмыс сапарында ағын суды арттыру мақсатында қолға алынған су арналарын механикалық тазалау жұмыстарын танысты. Облыстық бюджет есебінен Жетісай ауданындағы барлық 241 шақырымды құрайтын 121 қашыртқыға механикалық тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл өз кезегінде суармалы жерлердің ағын сумен қамтамасыз етілуін жақсартып, жер асты суын төмендетеді және егістіктің тұздануының алдын алып, мақта дақылының өнімділігін арттырады.


Сонымен қатар, бүгінде шаруаларды сапалы тыңайтқыштар, тұқыммен қамтамасыз етіп, өнімділікті арттыру мақсатында Өзбекстан Республикасының «RASAYANA» ЖШС-мен жұмыстар жүргізіліп жатыр. Бұл компания ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне өнімділігі жоғары «AMINOSID» тыңайтқыштары мен мақтаның «Сұлтан» элиталық тұқымдарын жеткізумен айналысады. Бұл тәжірибе мақтаның түсімділігін 40-60 центнерге жеткізуге болатындығын көрсетіп отыр.


Осыған орай, 2021 жылдың 15 қыркүйегінде Мақтаарал, Жетісай аудандарында агроқұрылымдардың қатысуымен жоғарыда аталған тыңайтқыштар мен және мақта тұқымының тиімділігі жөнінде семинар өткізіліп, мақта өнімділігін арттырудың нақты шаралары қабылданды.