ТҮРКІСТАН: Сарыағашта 140 шақырым канал жөнделді

0
1 185

Мақсат - суармалы жерлерді қайта айналымға қосу.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта 140 шақырым канал жөнделді

Сарыағаш ауданында диқандар үшін жағдай жасалуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында диқандар үшін жағдай жасалуда. Суармалы жерлерді қайта айналымға қосу және мелиоративтік жағдайын жақсарту мақсатында 2021 жылы облыстық және аудандық бюджеттен қаржы қаралып, ауданда жалпы ұзындығы 139,9 шақырым каналға жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Атап айтқанда, облыстық бюджет есебінен ұзындығы 5,4 шақырым келетін «Сұрым» және ұзындығы 18,8 шақырымды құрайтын «Хожахан» каналдарын күрделі жөндеу (бетонмен қаптау) жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілді. Сонымен бірге аудандық бюджет есебінен жалпы ұзындығы 115,7 шақырымды құрайтын 5 каналға ағымдағы жөндеу және 7 қашыртқы су жүйесіне механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.


Жөндеу жұмыстары нәтижесінде 260 гектар егістік жер қайта айналымға қосылды. Осы арқылы 3895 гектар егістік алқапқа ағын су жеткізіп беру мүмкіндігі артып, 2426 гектар егістік жердің мелиортативтік жағдайы жақсарып, жылына 6,8 млн. текше метр ағын су үнемделетін болады.