ТҮРКІСТАН: Сарыағашта салтанатты іс-шара өтті

0
82

Салтанатты шара мемлекеттік Әнұранмен басталды.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта салтанатты іс-шара өтті

Сарыағаш ауданында салтанатты іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай Сарыағаш ауданында «Ерлер – жердің қорғаны, елдің тұтқасы» атты ауқымды әскери-патриоттық шарасы өтті. Салтанатты шара мемлекеттік Әнұранмен басталды.


Мерекелік жиынға аудан басшысы Арман Абуллаев қатысып, әскери қызмет шебіндегі сарбаздарды мерекемен құттықтады. Еңбегімен ерекшеленген әскери қызметкерлерді алғыс хаттармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар жиын барысында құқық қорғау органдарының басшылары Отан қорғаушыларды мерекелерімен құттықтап, Отан қорғау қызметіне айрықша үлес қосқан үздік сарбаздарды арнайы марапаттады.


Іс-шарада аудандық полиция және шекара басқармалары мен төтенше жағдайлар бөлімі тарапынан ұйымдастырылған әскери борышын өтеп жүрген азаматтардың қызметі, әскери техникалар мен қару-жарақтардың қолданылу әдістері көрсетіліп, әртүрлі шабуыл және қорғану жағдайындағы киім үлгілерінің көрмесі таныстырылды. Көпшілік назарына арнайы дайындаған әскери-патриоттық бағдарламалар мен қойылымдар ұсынылды. Жиын аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мен әскери қызметкерлердің концерттік бағдарламасына ұласты.

Бөлісу