ТҮРКІСТАН: Сарыағашта шағын футбол алаңы мен балалар алаңшасы ашылды

0
75

Тапсырыс беруші – Сарыағаш аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.


ТҮРКІСТАН: Сарыағашта шағын футбол алаңы мен балалар алаңшасы ашылды

Сарыағашта шағын футбол алаңы мен балалар ойын алаңшасы ел игілігіне берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысында ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту жұмыстары жалғасуда. Оның ішінде спорт нысандары да салынып жатыр. Солардың бірі Сарыағаш ауданы, Жемісті ауылдық округінде ашылды. Аудан әкімі Арман Абдуллаев құрылысы аяқталған нысандардың талапқа сай күтіп-ұсталуы қажеттігін атап өтіп, тиісті тапсырмалар берді.


Ауданда инфрақұрылым жақсарып келеді. Тың елді мекенінде Ақбастау көшесінде орта жөндеу жұмыстары жүргізіліп, асфальт төселді. Жөндеу жұмыстары қазан айында аяқталған. Мердігер мекеме – «Artd Grup» ЖШС. Тапсырыс беруші – Сарыағаш аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі.


Сондай-ақ Тың елді мекенінде шағын футбол алаңы және балалар ойын алаңының құрылысы жүргізіліп, нысандар қазан айында тұрғындар игілігіне берілді.

Бөлісу