Әкім жобаның жүзеге асуын қадағалауды тапсырды.
Сарыағашта шағын су электр станциясы салынады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауында: «Еліміздің экономикасы сыртқы саудаға және инвестицияға әрдайым ашық. Инвестиция тарту жұмысын жүйелі жүргізу керек. Бұл –Үкіметтің алдында тұрған басты міндеттің бірі» деп атап өткен болатын.
Осы мақсатта, бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев ауданға инвестиция тарту мақсатында «РТ Оңтүстік Энерго» ЖШС-нің өкілдерімен кездесіп, аудан аумағынан шағын су электр станциясын салу мәселесін талқылады.
Инвестормен тілдескен аудан басшысы салаға жауапты орынбасары Нұрболат Талипов пен аудан әкімі аппарытының заң бөлімшесінің басшысы Алтынбек Сәрсенбековке тиісті тапсырмалар жүктеп, жобаның жүзеге асуын қадағалауды тапсырды.