ТҮРКІСТАН: Шардарада 700 оқушы жазғы сауықтыру лагерлерімен қамтылған

0
2 044

Шардаралық оқушылар жазғы демалыстарын пайдалы әрі тиімді өткізуде.


ТҮРКІСТАН: Шардарада 700 оқушы жазғы сауықтыру лагерлерімен қамтылған

Шардара ауданында жазғы демалыста 700 оқушы қала сыртындағы сауықтыру лагерлерімен қамтылған деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Шардара ауданының «Күміс жағажай» демалыс аймағында орналасқан «Сыр самалы» жазғы сауықтыру лагерінде жазғы демалыста үш кезеңде бірінші сыныптан он бірінші сыныпқа дейінгі аралықтағы 350 оқушыны қабылдау жоспарланған. Бүгінде екінші кезеңін өткізіп жатқан лагерде 120 бала демалуда. Олардың 20-сы Арыс қаласының бүлдіршіндері. Мұнда оқушылардың жазғы демалыстарын ойдағыдай көңілді өткізулері үшін арнайы қолөнер, көркемөнерпаздар, жас актерлар үйірмелері мен воллейол, баскетбол, тоғызқұмалақ, дойбы мен шахмат сынды спорт түрлерінен секциялар жұмыс атқарады. Одан бөлек, аудандық орталық кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен жылжымалы кітапхана, кинотеатрлар ұйымдастырылған. Шомылу бассейндерінде арнайы оқу курстарынан өткен нұсқаушылар мен құтқарушы мамандар, дәрігер-медбикелер кезекшілік етеді.

Демалыс кезеңінде оқушылардың сабақтан қол үзіп қалмаулары үшін және салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында түрлі пәндік, спорттық жарыстар ұйымдастырылып отырады.

Күніне 4 мезгіл дәрумендер құрамы сақталған таза табиғи өнімдермен тамақ берілетін лагерь ұжымы үшінші кезеңде тағы 110 оқушыны қабылдауды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, бұлардан бөлек Шардара мектептерінде білім алатын тұл және жартылай жетім, аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан 350 бүлдіршін облыс аумағындағы басқа да жазғы сауықтыру лагерлерінде демалып қайтқан.