ТҮРКІСТАН: Шорнақта ынтымақтастық шарасы өтті

0
786

Негізгі мақсат – татулық пен тұрақтылықты, келісім мен ауызбіршілікті дәріптеу.


ТҮРКІСТАН: Шорнақта ынтымақтастық шарасы өтті

Шорнақта «Алтын шаңырақ» атты ынтымақтастық шарасы өтті, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгін Кентау қаласына қарасты Шорнақ елді мекенінде «Алтын шаңырақ» атты ынтымақтастық шарасы өтті. Ел азаматтарын бірлікке шақырған кездесуді Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастырды. Негізгі мақсат – татулық пен тұрақтылықты, келісім мен ауызбіршілікті дәріптеу.

«Бұл елдің игілігі мен бірлігін арттыруға арналған шара. Еліміз көпұлтты және тату мемлекеттер қатарында. Ішінара болатын түрлі жағдайлар біздің берекемізді алмай, керісінше пейіліміздің кеңдігі мен ауызбіршілігіміздің мықты екенін көрсетуі қажет. Ауыл азаматтары осы шара аясында ғана емес, алдағы уақытта да бауырмалдықтың үздік үлгілерін көрсетеді деген сенімдемін», - деді облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Дәурен Нұрланұлы.

Сондай-ақ, аталған іс-шараның негізгі бөлігінде ауыл ақсақалдары мен жастар жағы бірігіп көшет отырғызды. Сонымен қатар, ауыл тұрғындары үшін татулықтың нышаны болсын деген ниетте қазыналы қарттар өсиет әңгімелерін айтты.