Көлік құралдарының қозғалысына қатысты шектеу бар.
Түркістан облыстық жедел штабының терроризмнің алдын алу және оның зардаптарын жою мақсатындағы оқу-жаттығуы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
22 қазан күні Шымкент қаласы, Актас елді мекенінде Түркістан облыстық жедел штабының терроризмнің алдын алу және оның зардаптарын жою мақсатындағы лаңкестікке қарсы оқу-жаттығу өтті.
Іс-шараның мақсаты – террористік көріністерге қатысты төтенше жағдайларды жою, террористік актілердің салдарын барынша азайту және жою тапсырмаларын орындау үшін жеке құрамның практикалық дағдылары мен құралдарын дамыту.
Жаттығулар күрделіліктің әртүрлі элементтерімен күресу жағдайларына барынша жақын. Жеке құрам мен біршама арнайы техника жұмылдырылған. Шектеу шаралары қарастырылған. Оның ішінде көлік құралдарының қозғалысына да қатысты шектеу бар.
«Осыған байланысты біз азаматтарды өткізіліп жатқан оқу-жаттығу шараларына түсіністікпен қарауға, қауіпсіздік шараларын сақтауға және тартылған мемлекеттік органдар қызметкерлерінің заңды талаптарын сақтауға шақырамыз», - деп мәлімеді Түркістан облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штаб мүшелері.