ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданы шегірткесімен күресуге 100% дайын

0
2 144

Зерттелген жерлер бүгінде 24800 га жерді құрап отыр. Болжам бойынша химиялық өңдеу жұмыстары 1750 га аумаққа жүргізілу керектігі анықталды.


ТҮРКІСТАН: Төлеби ауданы шегірткесімен күресуге 100% дайын

Төлеби ауданы Морокко шегіткесіне қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын қолға алды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Биыл Төлеби ауданында марокко шегірткесіне қарсы 35 мың гектар алқапқа мониторингтік зерттеу жүргізу болжамдалған болатын. Зерттелген жерлер бүгінде 24800 га жерді құрап отыр. Болжам бойынша химиялық өңдеу жұмыстары 1750 га аумаққа жүргізілу керектігі анықталды.

Оның ішінде Бірінші Мамыр ауылдық округінде 580 га, Алатау ауылдық округінде 520 га, Қоғалы ауылдық округінде 170 га, Тасарық ауылдық округінде 270 га, Көксәйек ауылдық округінде 50 га, Қаратөбе ауылдық округінде 100 га, Жоғарғы Ақсу ауылдық округінде 60 га жер болмақ.

Мамыр айының II жартысында ауданда зиянкес шегірткелер көріне бастаған 60 гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізу керектігі анықталды. Олар Бірінші Мамыр ауылдық округінің 52 га жері, Алатау ауылдық округінің 8 га жері болатын. Бірінші Мамыр ауылдық округінің 52 гектарына, Алатау ауылдық округінің 2 гектарына химиялық өңдеу шаралары жүргізіліп, зиянкес шегірткелер толығымен жойылды.

Бұл туралы ҚР АШМ АӨК МИК «РФДжБӘО» РММ Төлеби аудандық филиалының басшысы Бабахан Аширбаев мәлімдеді. Бүгінгі күнге Төлеби ауданының 54 га жеріне химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілген.

Химиялық өңдеу жұмыстарын мемлекеттік тапсырыспен «РМК-Фитосанитария» мекемесі атқаруда. Дәрілеуге 1 МТЗ-82 тракторы арнайы Caffini тіркемесімен және 2 ранцевый аппарат жұмылдырылған. Тиімділігі жоғары даклоприд пестицид дәрісі 0,06 л/га жерге жұмсалуда.