Төлеби ауданында демографиялық өсім байқалады.
иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден
Түркістан облыс, Төлеби ауданында "Алтын алқа" мен "Күміс алқаға" ие болған аналардың саны артуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.
Төлеби ауданында 2018 жылдың басында жүргізілген халық санағы бойынша ауданында жалпы халықтың саны 118 151 болса, қазіргі 2019 жылғы 6 айдың халық санағының қортытындысы бойынша 118 467 адамды құраған. Яғни, алдыңғы жылмен салыстырғанда халықтың саны 316 адамға артып отыр.
Сондай-ақ аудан бойынша 2018-ші жылмен салыстырғанда ерлер саны 59 261 мыңнан 59 434-ке жетіп, 173 ер азаматқа көбейген. Ал, әйелдер саны 58 890 мыңнан 59 033-ке өсті, яғни 143 әйелге артқан.
Жалпы отбасылар саны 2019-шы жылдың жарты жылдық есебі бойынша 25 998 отбасы тіркелген. Олардың ішінде көпбалалы отбасылардың жалпы саны 7 830 құраған. Оның ішінде 4 балалы отбасылардың саны 3587 отбасыға жетіп отыр.
2018 жылғы 6 айлық санағының қортытындысы бойынша "Алтын алқа" - 12, "Күміс алқа" - 48 болса, 2019 жылы жарты жылда "Алтын алқа" - 11, "Күміс алқа" - 60 жетіп отыр. Жалпы бүгінгі таңда "Алтын алқа " иегерлерінің саны 1 794 жетсе, "Күміс алқа" иегерлерінің саны 2 449 жетіп, жалпы 4 243 санын құрауда. Бұл дегеніміз былтырғы көрсеткіштерге қарағанда Төлеби ауданында демографиялық өсімнің жылдан-жылға артып келе жатқандығын байқауға болады.