Түркістан облысы Төлеби ауданында ірі инвестициялық жоба жүзеге асуда. Зертас ауылында «AZIA MILK» маркасымен тауарлы сүт фермасының құрылысы қарқынды жүріп жатыр.
Жоба израильдік заманауи технологиялар негізінде толық автоматтандырылған. 10 гектар аумақта орналасқан фермада 1 200 бас голштино-фриз сиыры бағылады. Еуропалық үлгідегі фермада
- Салқындату және желдету жүйесі
• Метеостанция
• Жарық пен бейнебақылау
• Сүт жинау және өңдеу орталығы қарастырылған.
Жоба құны – 1,3 млрд теңге. Сонымен қатар мұнда мал шаруашылығы қалдықтарын қайта өңдеу де жоспарланған.
Қазіргі уақытта 26 адам жұмыспен қамтылған. Іске қосылған соң 50 тұрақты жұмыс орны ашылады. Бүгін аудан әкімі Еркеғали Әлімқұлов ферманың құрылыс алаңында болып, жобаны қолдайтынын жеткізді. Ферманы толық іске қосу 2027 жылға жоспарланған.