Woosong University-дің алғашқы халықаралық филиалы биыл қыркүйек айында жұмысын бастайды.
Қазақстандағы Вусонг университеті 2025 жылғы күзгі семестрге қабылдау басталғанын хабарлады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Қазақстандағы Вусонг университеті (WSUK) 2025 жылғы күзгі семестрге қабылдау ашылғанын хабарлайды. Түркістанда ашылатын Woosong University-дің алғашқы халықаралық филиалы биыл қыркүйек айында жұмысын бастайды. Бұл – ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігімен ынтымақтастықтың нәтижесінде жүзеге асып жатқан жоба.
WSUK – Орталық Азияда ақпараттық технологиялар саласындағы білікті мамандарды даярлауға бағытталған. Университет Қазақстан студенттері мен жас мамандарына жоғары сапалы IT білімін, әсіресе жасанды интеллект пен деректер ғылымына баса назар аударуды ұсынады. Екі жылдық оқуын аяқтаған студенттер Оңтүстік Кореядағы Вусонг университетінде немесе әлем бойынша 630-дан астам серіктес университеттерде білімін жалғастыру мүмкіндігіне ие болады.
Жаңа кампуста не ұсынылады?
Жаңа кампуста ағылшын тілінде мынадай бағдарламалар ұсынылады:
Жасанды интеллект және Data Science
Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу
Киберқауіпсіздік
Мультимедиа және веб-дизайн
Бағдарлама түлектері Оңтүстік Кореяда арнайы визалық бағдарламалар арқылы жұмыс істеуге мүмкіндік алады.
Қабылдауға арналған минималды талаптар:
1. Ағылшын тілі тестінің нәтижелері: IELTS бойынша кемінде 5.0 балл немесе оған тең балл:
a) Эквивалентті тесттер: IELTS, TOEFL iBT, Оксфорд тесті, CEFR, Duolingo, Tips, PTE Academic, TOEIC
b) IELTS нәтижесі 5.0-ден төмен талапкерлер үшін: егер ҰБТ-дағы ағылшын тілі баллы 65%-дан жоғары болса (100 балдық жүйе бойынша), қабылдау комиссиясы оны IELTS 5.0 баллына тең деп санайды.
c) ҰБТ-да жоғары балл (ең жақсы 15%) жинаған талапкерлер ағылшын тілі тестінен босатылады.
2. Эквиваленттілік кестесімен https://wsuk.wsu.ac.kr/sub04/01.html сайтынан танысуға болады.
3. Орта мектепті аяқтаған түлек болуы қажет.
4. ҰБТ нәтижелері (кемінде 50 балл), бұл талап Қазақстаннан тыс жерде оқыған оқушыларға қолданылмайды. Егер талапкерлердің IELTS нәтижесі 6.0 және одан жоғары болса, ҰБТ баллдары есепке алынбайды.
Қабылдау мерзімі: Күзгі қабылдау – 2025 жылғы шілде айының соңына дейін.
Қабылдауға қажетті құжаттар: талаптар, оқу және стипендиялар туралы толық ақпаратты Қазақстандағы Вусонг университетінің ресми сайтынан таба аласыз: https://wsuk.wsu.ac.kr/index.html
Байланыс нөмірі: +7(707)-360-70-05