Қазіргі таңда аудандағы 5 041 гектар жерге ағын суды үнемдеу технологиясы енгізілген.
Жетісайда тамшылатып суғару әдісі 8 мың гектарға енгізілмек, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Жетісай ауданында ағын су тапшылығының алдын алып, өнімділікті арттыру мақсатында тамшылатып суғару әдісі қарқынды енгізілуде. Осы орайда аудан әкімі Серік Мамытов шаруалармен кездесіп, су үнемдеу технологиясының тиімділігі мен мүмкіндіктері жайында айтты. Қазіргі таңда аудандағы 5 041 гектар жерге ағын суды үнемдеу технологиясы енгізілген. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін 8 000 гектарға жетпек. Жалпы Жетісай ауданында өткен жылы 23 гектар жерде жылыжай шаруашылықтары орналастырылған болса, биыл тағы 5 гектар жерге жылыжай салынуда.
Айта кетейік, су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы аясында елімізде ылғал үнемдеу технологиясын 1,4 млн гектарға ендіру қарастырылған. Оның ішінде Түркістан облысының үлесі 216,3 мың гектарды құрайды.