ТҮРКІСТАН: Жетісайда ауылшаруашылығы өнімдері жәрмеңкеге қойылды

0
190

20 тоннаға жуық өнім шығарылды.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда ауылшаруашылығы өнімдері жәрмеңкеге қойылды

Жетісай ауданында ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Жетісай қаласындағы «Grand Park Zhetisay» сауда орталығының ауласында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңкеге аудан әкімі Серік Мамытов арнайы қатысты. 20 тоннаға жуық өнім шығарылған жәрмеңкеде ет, құс, сүт, жұмыртқа және көкөніс өнімдері нарықтағы бағадан 15-20 пайыз төмен бағада сатылды. Аудан әкімінің тапсырмасымен жәрмеңке әр аптаның сенбі күндері ұйымдастырылмақ.


Сондай-ақ, Серік Үсенұлы сауда орталығының жұмысымен танысты. Орталықта сатушылар мен сатып алушыларға барлық жағдай жасалған. Сауда нысанда 100 орындық автотұрақ пен дәмхана бар.