ТҮРКІСТАН: Жетісайда биыл 9 елді мекен газбен қамтылады

0
203

Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдеріне тұрғындарды жедел «көгілдір отынмен» қамтамасыз ету бағатындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырған.


ТҮРКІСТАН: Жетісайда биыл 9 елді мекен газбен қамтылады

Жетісай ауданында биыл 9 елді мекен газбен қамтылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды аудан, қала әкімдеріне тұрғындарды жедел «көгілдір отынмен» қамтамасыз ету бағатындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырған болатын. Осы бағытта Жетісай ауданының аумағында орналасқан 105 елді мекеннің бұған дейін 55-і, яғни, 52,3 пайызы табиғи газбен қамтылған болса, өткен жылдың қорытындысымен бұл көрсеткіш 56,1 пайызға жеткен.


Аудан әкімі Серік Мамытовтың тікелей тапсырмасымен 2023 жылы Абай ауылдық округінің Отан, Бейбітшілік және Атажұрт елді мекендері мен Ж.Ералиев ауылдық округінің Ғ.Мұратбаев елді мекенінің тұрғындары табиғи газға қол жеткізсе, 2020 жылы құрылысы жүргізілгенімен «көгілдір отынға» қосылмай қалған Жылы су ауылдық округінің Сейфуллин, Байқоныс және Әл-Фараби, Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Жаңа дала елді мекендерінің тұрғындары да көмір жағып, күл шығарудан құтылған.


Сонымен қатар өткен жылы құрылысы басталған Жаңа ауыл ауылдық округінің Әбдіхалық, Мырзашөл, Атақоныс және Жаңа ауыл елді мекендерінің, Мақталы ауылдық округінің Мақталы, Дархан және Алмалы елді мекендерінің, Қызылқұм ауылдық округіне қарасты Датқа мен Қарасақал секілді 9 елді мекеннің тұрғындарын табиғи газға қосу жұмыстары биыл аяқталып, ел игілігіне тапсырылады деп жоспарлануда.