ТҮРКІСТАН: Жетісайлық сарбаздар мен депутаттар сенбілікке атсалысты

0
464

Көшелер мен арық-атыздардан 30 тонна күл-қоқыс шығарылды.


ТҮРКІСТАН: Жетісайлық сарбаздар мен депутаттар сенбілікке атсалысты

Жетісайлық сарбаздар мен депутаттар сенбілікке атсалысты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Республикалық «Таза Қазақстан» акциясы аясына белсене қатысқан Жаңа ауыл ауылдық округінің тұрғындары санитарлық жұмыстарын жыл соңына дейін үздіксіз жалғастыратынын айтады.


Округке қарасты Мырзашөл елді мекенінде өткен бүгінгі сенбілік жұмыстарына 300-ге жуық адам мен 7 техника жұмылдырылып, жол бойлары мен гүлзарлар, тарихи ескерткіштердің аумағы шөптерден, қураған ағаштардан тазаланып, көшелер мен арық-атыздардан 30 тонна күл-қоқыс шығарылды.


«Қоршаған ортаны таза ұстау – әр азаматтың парызы. Осы орайда, ауданның барлық тұрғындарын тазалықты сақтауға және табиғатты қорғауға өз үлестерін қосуға шақырамыз. Сенбілік тек белгіленген күндері ғана емес, күнделікті жүргізіліп тұруы керек. Ол үшін әрбіріміз өз ауламызды, үйіргелік жерлерімізді таза ұстауымыз керек», – дейді Жетісай аудандық мәслихатының депутаты Қаршыға Ақтөреева.


Мырзашөл елді мекенінде өткен бүгінгі туған жерді түрлендіріп-көгалдандыру, санитарлық тазалықты сақтау ісіне тек мемлекеттік мекеме қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар ғана емес, округтен сайланған аудандық мәслихаттың депутаттары мен шекара шебін күзеткен сарбаздар да белсене қатысты.