Түркістанда 46 жаңа трансформатор қойылады

0
872

100 трансформаторға жөндеу, жаңарту жұмыстары атқарылды.


Түркістанда 46 жаңа трансформатор қойылады

Түркістан қаласында трансформаторларды жаңарту жұмысы жалғасады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласында жалпы саны 1300-ге жуық трансформатор бар. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбековтің тапсырмасына сәйкес, 2021-2022 жылдары жаңа 95 трансформатор қойылды. Сондай-ақ 100 трансформаторға жөндеу, жаңарту жұмыстары атқарылды. Биыл аталған сала бойынша 46 жаңа трансформатор қою жоспарланып отыр.


Жыл басынан бері жоспар аясында 8 жаңа трансформатор қойылып, 20 трансформаторға жөндеу жұмыстары жүргізілді.


Түркістан қаласында 34 937 абонент сапалы электр қуатымен қамтылған (орташа сағат тұтыну -48,8МВТ). Бұл пайыздық көрсеткішпен есептегенде 94,7% құрайды.


2023 жылғы жоспарға сәйкес, аталған көрсеткішті 95,2% арттыру көзделген. Аталған мақсатты жүзеге асыру үшін бүгінде 4 нысанда құрылыс жұмыстары қарқынды атқарылуда.


Оның бір нысанында жеке тұрғын үйлерді сапалы электр қуатымен қамту жүргізілсе, 3 нысанда әуе электр желілері кабельдік желіге ауыстырылуда.


Жеке тұрғын үйлерге арналған нысан құрылысы аяқталғанда 9929 абонент электр қуатымен қамтамасыз етіледі.