Түркістанда 50 жылға жарайтын германиялық қазандықтар қойылып жатыр

0
931

Температура үш күн қатарынан 8 градусты көрсетсе, жылу беру басталады.


Түркістанда 50 жылға жарайтын германиялық қазандықтар қойылып жатыр

Түркістанда қ халықтық топ жылу маусымына дайындықты тексерді, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Түркістанда құрылған «ХалықтықТоп» мүшелері таңдалған сала бойынша "Жылу" мекемесіне барып, көпқабатты үйлердің жылу маусымына дайындығы бойынша ақпарат алды. Топ мүшелері барған сәттен қала әкімінің тікелей қадағалауымен жүргізіліп жатқан жылу қазандығын сұйық отын түріне өткізу жұмыстарының ортасынан түсті.

Мекеме басшысы Ерғазы Рысбековтың айтуынша, қазір құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. "Asi building" мердігерлік мекемесі жүргізіп жатқан құрылыс басында 22 жұмысшы болса, оның 14-і жергілікті тұрғындар. Олар "Халықты жұмыспен қамту орталығы" арқылы жұмысқа тіркелген.

Топ мүшелерін толғандырған сауалдың бірі газ түріндегі қазандық істен шығып қалар болса, тұрғындарға жылуды қалай жеткізетіндігі. Дегенмен, мекеме ол үшін көмір де алынып қойғанын және техникалық қолайсыздық болған тұста, әдеттегіше жылу берілетіндігін айтты.

Жалпы, бұған дейін бір маусымға 75 көпқабатты үй, 28 бюджеттік және 55 коммерциялық мекеме, 56 жеке үйді жылыту үшін 16000 тонна көмір жағылып, 123 адам қызмет еткен.

Бүгінде "Отырар" мөлтек ауданында қазандық орнатылса, орталық мешіт жанынан да тағы бірі орнатылу үстінде. Осы орайда мекеме басшысы қызметкерлерді бос қалдырмай, жұмыс орнын сақтап қалатынын айтуда. Қазір Германиядан әкелінген қазандықтар орнатылып, монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жарамдылығына сай, бұл қазандық 50 жыл пайдаланылады деп күтілуде.

Айта кетейік, егерде күн суыған сәтте температура үш күн қатарынан 8 градусты көрсетсе, жылу беру басталады, ал үш күн қатарынан 10 градусты көрсетсе, жылу беру тоқтатылатыны түсіндірілді.