40 тоннадан астам өнім сатылады деп жоспарланып отыр.
Түркістандағы жәрмеңке жалғасын тапты, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан қаласында ұйымдастырылып келе жатқан ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі бұл аптада да жалғасын тапты. "Алтын бұлақ" автобекетінде өткен сауда алаңында Сарыағаш, Бәйдібек аудандары және "Түркістан" Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының өнімдері сатылды.
Атап айтсақ, картоп бағасы 80-90 тг, пияз 45 тг, жылқы еті 1800 тг, сәбіз 70 тг, қырыққабат 60-65 тг, қауын, қарбыз, асқабақ бір келісі 50 теңгеден, сондай-ақ, жүзім 200, алма 120-200, қызанақ 70-100 тг аралығы, қияр 120 теңгені құрады.
Жалпы, бұл жәрмеңке аясында 40 тоннадан астам өніп толықтай сатылып, ертең де жалғасын табады деп жоспарланып отыр.
Одан бөлек, Түркістаннан жеткен тағы бір жағымды жаңалық – Әкімшілік-іскерлік орталығында бүгінгі таңда 7 қабатты 24 тұрғын үйдің (барлығы 1452 пәтер) 22-ің (барлығы 1296 пәтер) құрылысын аяқтау 2020 жылдың қараша айына жоспарлануда. Бұған қоса, қала тұрғындары мен жаңадан қоныстанушыларды баспанамен қамтамасыз ету мақсатында ипотекалық тұрғын үйлердің қатарын арттыру көзделіп отыр. Бұл туралы облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов мәлімдеді.