Түркістанда ​БАҚ проблемалары мен перспективалары талқыланды

0
1 258

Форумға қатысушылар еркін пікір алмасып, орамды ойларын ортаға салды. Эксклюзивті мақалалар дайындау, газеттің оқырманға оңай жетуін қамтамасыз ету, аудиторияны қалыптастыру, оқырман тарту секілді тақырыптарда кең көлемді талқыланды.


Түркістанда ​БАҚ проблемалары мен перспективалары талқыланды

Түркістанда өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдарының проблемалары және перспективалары жан-жақты талқыланды, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

«Оңтүстік Қазақстан» газетінің 95 жылдығына орай өткен форумға Қызылорда, Жамбыл, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында орналасқан БАҚ басшылары және ғалымдар қатысты.
Жиында ғалым Құлбек Ергөбек, «баспасөзді кім қаржыландырса да, тәуелсіздігіне тимеу керек» деген пікір айтты. Сондай-ақ, пошталар газетті оқырманға жеткізу ісін дұрыс ұйымдастырмайтындығын сөз етті.
«Оңтүстік Қазақстан» газетінің бас редакторы Абай Балажан жергілікті басылымдардың таралымын арттыру істерінде кездесетін мәселелерді көтерді.
"Қазақстан Америка емес. Қазақстанда 18 млн халық бар. Ал, Америкада халық көп. Таралымда осыдан шығады. Көп халықтан, көп таралым жиналады. Біздегі 18 млн халықтың 7-8 млн-ға жуығы ғана қазақ тілінде сөйлейді. Сондай-ақ, газетті ақпарат құралы деп қарайтындар көп. Шындап келгенде газеттің ақпаратына ешкім зәру емес. Әсіресе қазақ газеттерінің. Газет - рухани құрал. Себебі, мұнда сенің дініңде, тіліңде, діліңде тұр", – деді ол.
«Жанубий Қозоғистон» газетінің бас редакторы Әлішер Сатыбалдиев баспасөзге жарнама тарту жайына тоқталды.
Ал, Отырар аудандық «Отырар алқабы» газетінің бас редакторы Алмас Ақылбек аудандық газеттердің мәселелерін көтерді. Мемлекеттік сатып алу туралы заңның кемшіліктерін тілге тиек етіп, нәтижесінде көптеген аудандық, қалалық басылымдар қаржысыз қалып жатқандығын жеткізді.
Алматыдан ашылған тәуелсіз басылымдар Түркістан облысындағы аудандық газеттерге бөлінген қаржыны тендірден ұтып алып, көшірме материалдар берумен ғана күнелтіп жатқандығын айтты.
"Ауданда жарияланған тендірді Алматыда жүріп жеңіп алған. Біз бүгін өткен іс шараны әлеуметтік желіге жарияласақ, соны көшіріп алып, өз аттарынан газетке шығарады" – деді.
Сондықтан, мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бөлінетін қаржылар тендірге түспей, бір көзден берілетін болса деген ұсынысын жеткізді.
«Оңтүстік Рабат» газетінің редакторы Жәнібек Нұрыш қазақ газеттерін дамытуда, журналистиканы жетілдіруде ғылымның жетіспейтіндігін айтты.
Форумға қатысушылар еркін пікір алмасып, орамды ойларын ортаға салды. Эксклюзивті мақалалар дайындау, газеттің оқырманға оңай жетуін қамтамасыз ету, аудиторияны қалыптастыру, оқырман тарту секілді тақырыптарда кең көлемді талқыланды.