Түркістанда «Денсаулыққа қарай 10 000 қадам» акциясы өткізілді

0
949

200-ге жуық адам қатысты.


Түркістанда «Денсаулыққа қарай 10 000 қадам» акциясы өткізілді

Түркістанда бұқаралық спортты дамыту мақсатында «Денсаулыққа қарай 10 000 қадам» акциясы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістан қаласындағы «Жібек жолы» саябағында бұқаралық спортты дамыту мақсатында «Денсаулыққа қарай 10 000 қадам» акциясы өтті. Спорттық шараға Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Сауран ауданы мәслихатының депутаттары, Түркістан облысы Полиция департаменті қызметкерлері, спорт саласы қызметкерлері, ардагерлер, спортшылар және белсенді жастардан құралған жалпы 200-ге жуық адам қатысты. Денсаулық акцияның ашылу салтанатына қатысқан Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жазира Мүслимова мен Түркістан қаласы мәслихатының төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев халық саулығын қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік ұстанымды ілгерілетуге үлес қосып жатқан барлық азаматтарға алғыстарын жеткізді.


Іс-шараның басты мақсаты – бұқаралық спортты дамыту арқылы салауатты өмір салтын насихаттау, облыс халқын отансүйгіштікке, патриоттық сезімге тәрбиелеу.


Елімізде дене шынықтыру мен спорт мәртебесін көтеру және спорттық бастамаларға қолдау көрсету бағытындағы жұмыстар Мемлекет басшысының тұрақты назарында. Осы бағытта облыста салауатты өмір салтын қалыптастыратын түрлі спорттық шаралар өткізілуде. «Денсаулыққа қарай 10 000 қадам» акциясына қатысқан ардагерлер мен ең жас қатысушылар және спортшы жастарға сертификаттар мен сыйлықтар табысталды.