Көгал себілген соң 5 қана күнде өсіп шыға бастайды.
Түркістанды көгалдандыру мақсатында жасыл желекке айналдыру жұмыстары қарқын алған, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Түркістан облысының орталығын абаттандыру аясында Б.Саттарханов даңғылының орта аумағында гидроегу (гидропосев) жұмыстары жүргізілуде. Жерді өңдеуді қажет етпейтін дүние, көгал себілген соң 5 қана күнде өсіп шыға бастайды.
Жүргізу жүйесі де қолайлы. Сонымен қатар, техника көмегінсіз, биіктіктер мен сайларға, адам күші жетпейтін үлкен аумақтарға қолдануға өте ыңғайлы.