Түркістанда облыстық кәсіпкерлер палатасы ашылды

0
3 104

Астана мен Алматыдағы озық тәжірибелер Түркістанда қолданылмақ.


Түркістанда облыстық кәсіпкерлер палатасы ашылды

Түркістан облыстық кәсіпкерлер палатасының салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Жиынға облыс әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нүкенов, ҚР «Атамекен» ҰКП басқарманың өңірлік кеңес төрағасы Қайнар Абасов және облыстың бизнес өкілдері қатысты.

Іс шара аясында облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Олжас Қаржауов қонақтарды палата кеңсесімен, онда көрсетілетін қызмет түрлерімен таныстырды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Қ.Нүкеновтің айтуынша кәсіпкерлер палатасының Түркістанға көшуі өңірдегі кәсіпкерлік саласының сапалы жұмыс істеп, сандық өсуіне едәуір көмек береді. Бұл өз кезегінде, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізеді.

Айта кетейік, 2018 жылғы 5 қазандағы ҚР «Атамекен» ҰКП бұйрығымен Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасы Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы болып қайта өзгертілген болатын. Мұнда жобаларды сүйемелдеу, кәсіпкерлердің құқығын қорғау, қаржылай емес қолдау бөлімдері кәсіпкерлерге қызмет ететін болады.

Сондай-ақ өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы да іске қосылған. Бұрынғыдай кеңесшілер мен ұсынатын қызметтердің көпшілігін онлайн режимінде алуға болады. Кәсіп үйренемін деушілерге кәсіпкерлік негіздерін үйрететін бизнес мектеп те жұмыс істейді.