Түркістандағы байланыс орталығы 15400-ден аса қоңырау қабылдаған

0
286

Қаладағы 6 сектордың жұмыс сапасын қадағалайды.


Түркістандағы байланыс орталығы 15400-ден аса қоңырау қабылдаған

Түркістандағы «1310» біріңғай байланыс орталығы бір жылда 15400-ден аса қоңырау қабылдаған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Түркістанда тәулік бойы «1310» Бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Байланыс орталығы тұрғындардың өтінішін қабылдап, коммуналдық, әлеуметтік және туристік бағыттарды қамтып, қаладағы 6 сектордың жұмыс сапасын қадағалайды.


Орталыққа келіп түскен барлық өтініштер өңделіп, мәселені шешу үшін жауапты мекемелерге жолданады. Мамандар қоңырау қабылдау барысында өтініш берушіге қатысты барлық ақпараттарды арнайы жүйеге енгізеді. Қазіргі таңда орталықта 10 оператор, 7 инспектор жұмыс істейді. Байланыс операторлары күндізгі және түнгі ауысыммен қоңырауларды қабылдайды. Сондақ-ақ мамандар арнайы курстардан өтеді.


Облыс орталығындағы 6 сектор бойынша өтініш-шағымдарды мамандар «1310» қысқа байланыс нөмірі немесе әлеуметтік желідегі Instagram (@turkistan1310), WhatsApp (87073331310), Facebook (Turkistan Bailanys Ortalygy) парақшалары арқылы қабылдайды. Сондай-ақ, қаланың дамуы мен көркеюіне қатысты креативті ұсыныстар болса, аталған орталыққа жолдауға болады.


Айта кетейік бір жылда байланыс орталығы 15404 қоңырауды қабылдаған. Оның ішінде 15370 өтінім мерзімінде орындалып, қалған өтінімдер бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.