Түркістандық даяшылар біліктілігін арттырып жатыр

0
3 160

Аталған курсқа 25 кафе, рестораннан 28 даяшы қатысуда.


Түркістандық даяшылар біліктілігін арттырып жатыр

Түркістан қаласы әкімдігінің «Бизнесті қолдау және туризм бөлімі» ММ-нің ұйымдастыруымен «Даяшы» курсы өтуде, - деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жоспар бойынша оқу уақытын 3 наурыз бен 14 наурыз аралығында өткізу жоспарланған болса, қазірде біліктіліктерін арттыру бойынша сабақтар өтіп жатыр. Курс мақсаты - қоғамдық тамақтану орындары мен мейрамханалардағы қызмет сапасын, даяшылардың сервистік қызметі біліктілігін арттыру. Эксклюзивті келісімдерді жасау мен туризм саласындағы қызмет көрсету саласын дамыту.

Қазіргі таңда, аталған курста 25 кафе, рестораннан 28 даяшы біліктілігін арттыруда.