Түркістандық шахматшы халықаралық додада топ жарды

0
356

Турнирге әлемнің 44 елінен 470 шахматшы қатысқан.


Түркістандық шахматшы халықаралық додада топ жарды

Түркістандық жас шахматшы халықаралық додадан жеңіспен оралды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Сербияда өткен мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионатында түркістандық жас шахматшы Нұрислам Сұлтанхан ерекше жетістікке қол жеткізіп, күміс медаль жеңіп алды. Бұл – оның халықаралық аренадағы алғашқы үлкен жеңісі.


Турнирге әлемнің 44 елінен 470 шахматшы қатысқан. Жас шахматшы Нұрисламөз шеберлігін көрсетіп, таланты мен еңбекқорлығының нәтижесінде 7 ұпай жинап, екінші орынды иеленді. Жаттықтырушысы Қуанышбек Жұмадуллаев пен ата-анасының қажырлы еңбегінің арқасында Нұрислам елдің намысын қорғап, әлемге танытуда.


Шахматшы мен бапкерін Түркістан қаласы әкімдігінің мәдениет бөлімінің басшысы Қадырболат Мұсағалиев пен жаттықтырушылар, спорт жанашырлары мен туыстары күтіп алды.


Бұл – жас шахматшының жетістігі ғана емес, тұтас Түркістан қаласының абыройын асқақтатқан жеңіс.

Бөлісу