Түркістандық спортшылар Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті

0
716

23 жасқа дейінгі қыздар арасында Қазақстан чемпионаты өтті.


Түркістандық спортшылар Қазақстан чемпионатында жеңіске жетті

23 жасқа дейінгі балуан қыздар арасындағы чемпионатта Түркістан спортшылары жеңімпаз атанды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Семей қаласында өтіп жатқан әйелдер күресінен 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Қазақстан чемпионатында Түркістан облысының балуан қыздары айқын жеңіске жетті. 53 келі салмақта өнер көрсеткен Аяжан Маркашева мен 57 келіде облыс намысын қорғаған Шұғыла Өмірбек алтын медаль иеленді. Сонымен қатар 59 келі салмақта Аман Мадина Қазақстан чемпионы атанды.


57 келіде бағын сынаған Күлдар Наурызбай, 76 келідегі Маржан Саттар мен 62 келіде күш сынасқан жерлесіміз Гүлдана Өсербай күміс жүлдегер атанса, 72 келі салмақта Арайлым Алтынбек қола жүлдені қанағат етті. Осылайша, Түркістан облысының құрамасы жалпыкомандалық есепте бас жүлдені иеленді.