Халықаралық форумға отандық ғалымдар, қоғам қайраткері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен студенттер қатысты.
Астана қаласында «Түркі халықтарының үздік студенті» атты халықаралық форум өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Таяуда Астана қаласында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ақпараттық қолдауымен «Bilim orkenieti» ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының ұйымдастыруымен «Түркі халықтарының үздік студенті» атты халықаралық форум өтті.
Мақсаты – дарынды студенттердің арасында байланыс орнату. Халықаралық форумға отандық ғалымдар, қоғам қайраткері мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен студенттер қатысты.
Форумның марапаттау бөлімінде Түркістан облысы білім басқармасының «Қапланбек жоғары аграрлық-техникалық колледжі» МКҚК басшының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, Анаргүл Есқараева жетекшілік еткен 2-курс студенті Ақбота Аршабай «Түркі халықтарының үздік студенті» төсбелгісі және І дәрежелі дипломмен марапатталды.