Тыңайтқыштарға 35 млрд. теңге бөлінді - вице-премьер

0
368

Шамамен 1,5 млн тонна енгізу жоспарланған.


Тыңайтқыштарға 35 млрд. теңге бөлінді - вице-премьер

Серік Жұманғарин Түркістан облысындағы көктемгі дала жұмыстарының барысын тексерді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


19-22 мамыр аралығында Түркістан облысына жұмыс сапары кезінде вице-премьер Серік Жұманғарин Қазығұрт ауданының бидай өндірушілерімен және Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының мақта өсірушілерімен кездесті.


Серік Жұманғарин өндіруші зауыттарда қажетті қорды қалыптастыру үшін фермерлер тыңайтқыштарға уақтылы өтініш беру қажет деп жауап берді.


“Биыл республика бойынша тыңайтқыштарға 35 млрд теңге бөлінді, біз шамамен 1,5 млн тонна енгізуді жоспарлап отырмыз. Келесі жылға арналған жоспарда көлемді 2,5 млн тоннаға дейін ұлғайту көзделген. Тыңайтқыш алуға мүмкіндігіңіз бар, өтінім беру керек”, – деді ол.