Жетісайлық ұстаздар 5 күндік демалыста 5 мың дана бетперде тікті

0
903

Бетперделер мұқтаж жандарға таратылды.


Жетісайлық ұстаздар 5 күндік демалыста 5 мың дана бетперде тікті

Елде болып жатқан төтенше жағдай кезінде Жетісай ауданы білім бөлімі тарапынан ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне 5000 дана бетперделер тегін берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Аталмыш бетперделер ауданымыздағы халықтың осал топтағы азаматтарды қорғаныс құралдармен қамтамасыз ету үшін берілетін" - болады дейді Жетісай ауданы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Әділхан Әбжанов.

Атап айтар болсақ, 141 отбасыны құрайтын оның ішінде 712 адамға 2136, 182 жалғызбасты қарттарға 546, кәмелет жасқа толмаған мүмкіндігі шектеулі 267 балаға 801, одан кейін 18 жастан асқан 111 психоневрологиялық ауытқуы бар азаматтарға 333, оңалту орталығындағы 81 балаға 243 дана бетперделер таратылды. Қалған бетперделер қажетіне қарай қосымша мұқтаж азаматтарға тиісті бөлім тарапынан берілетін болады.

Өз тарапымыздан қиын-қыстау күнде қол қусырып отырмай демеу көрсете білгені үшін аудан ұстаздарына шынайы ризашылықтарымызды білдіреміз.